Душанбе мэрі такси қызметтерін электр көлігіне көшуді міндеттеді

1365
Adyrna.kz Telegram
Фото: Азия плюс
Фото: Азия плюс

Душанбеде такси қызметін ұсынастын барлық компания электромобильге көшуі керек, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Душанбеде такси қызметін ұсынатын барлық компаниялар толығымен электромобильді пайдалануға көшуі тиіс. Бұл туралы Душанбенің мэрі Рустам Эмомалидің 4 маусымда қол қойған жарлығында қамтылған.

Құжатта қалалық көлік басқармасы мен елорданың мемлекеттік автоинспекциясы жолаушы тасымалдаушыларға электр көлік жүйесіне көшу барысында көмек көрсететіні айтылған.

Ферғана агенттігінің мәліметінше, Душанбе әкімдігі бұл шешім электромобильдер импортының көлемінің артуы аясында қабылданған. 2021 жылы республикаға тек 47 электро көлік әкелінсе, 2022 жылы - қазірдің өзінде 767 көліктің бар екені анықталып отыр.

Тәжікстан 2032 жылға дейін республикаға электромобиль әкелетін кәсіпкерлерге жеңілдіктер қарастырылғаны белгіленген. Олар кедендік баждардан, салықтардан және акциздерден босатылған.

Алайда ел жүргізушілерінің айтуынша, «жасыл» көліктерге жанармай құю станцияларының жетіспеушілігі бар.

Пікірлер