Тәжікстан Түркия азаматтарына визалық режим енгізуде. Бұл туралы Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.
Ведомство 2024 жылдың 20 сәуірінен бастап визалық режим жалпы түрік шетелдік төлқұжаттарының иелеріне қолданылатынын атап өтті.
Түркия азаматтары Тәжікстан Республикасының визасын Тәжікстан Республикасының шетелдегі елшіліктері мен консулдықтарында ала алады.
Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Тәжікстан азаматтары үшін визасыз режимді жою туралы жарлыққа қол қойған болатын. Құжатқа 5 сәуірде қол қойылды.