ҚХДР Оңтүстік Кореяға қоқыс толтырылған шар жіберді

1430
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

КХДР Оңтүстік Кореяға тағы да қоқыс толтырылған шар жіберген. Ел билігі азаматтарға шарларға жоламау керектігін ескертті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Yonhap-қа сілтеп.

Сеул қаласының әкімшілігі қалада Солтүстік Кореяның үгіт-насихат парақшалары бар белгісіз нысанның ұшып бара жатқаны туралы тұрғындарға SMS жолдады.

«Біз Солтүстік Кореяға өзінің адамгершілікке жатпайтын және өрескел әрекеттерін дереу тоқтатуын қатаң ескертеміз», - деді Оңтүстік Кореяның Біріккен Штаб бастықтары.

Шарларды жіберер алдында Солтүстік Корея қорғаныс министрінің орынбасары Ким Ганг Ир республика аумағында Оңтүстік Корея таратқан үгіт-насихат материалдары байқалғанын айтты.

Бұған дейін 28 және 29 мамырда Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға қоқыс пен нәжіс толтырылған 260-қа жуық шар жібергені хабарланған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер