ҚХДР Оңтүстік Кореяға қоқыс толтырылған шар жіберді

1278
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/06/whatsapp-image-2024-06-02-at-21.15.12.jpeg
КХДР Оңтүстік Кореяға тағы да қоқыс толтырылған шар жіберген. Ел билігі азаматтарға шарларға жоламау керектігін ескертті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Yonhap-қа сілтеп. Сеул қаласының әкімшілігі қалада Солтүстік Кореяның үгіт-насихат парақшалары бар белгісіз нысанның ұшып бара жатқаны туралы тұрғындарға SMS жолдады.
«Біз Солтүстік Кореяға өзінің адамгершілікке жатпайтын және өрескел әрекеттерін дереу тоқтатуын қатаң ескертеміз», - деді Оңтүстік Кореяның Біріккен Штаб бастықтары.
Шарларды жіберер алдында Солтүстік Корея қорғаныс министрінің орынбасары Ким Ганг Ир республика аумағында Оңтүстік Корея таратқан үгіт-насихат материалдары байқалғанын айтты. Бұған дейін 28 және 29 мамырда Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға қоқыс пен нәжіс толтырылған 260-қа жуық шар жібергені хабарланған болатын.
评论
其他材料