Оңтүстік Корея парламенті екінші рет дауыс беруден кейін президентке импичмент жариялаған

243
Adyrna.kz Telegram
Фото: nvdaily.ru
Фото: nvdaily.ru

Оңтүстік Корея парламенті президент импичментін қолдап, дауыс берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ел президенті Юн сок Ель елде әскери жағдай енгізген еді. Елдегі басқарушы "Азаматтық күш" партиясының 204 депутаты "иә" деп дауыс берген.

Елдегі дағдарыстың басты себебі – президенттің елде әскери жағдай режимін енгізуі. Әскери жағдай енгізілген соң парламенттің 190 депутаты ғимаратқа кіріп, президент шешімін тоқтатуға дауыс берген.

"Маған импичмент жарияланса да, тергеуге алынсам да, соңына дейін әділ күрес жүргіземін", – деді Юн Сок Ель.

Оңтүстік Кореяда ұстаздық етіп жүрген қазақстандық Дулат Бакишев:

"204 депутат (олардың парламенттегі жалпы саны және дауыс бергені: 300 адам) қолдап, О.Корея президенті Юн Сок - ёльге ресми түрде импичмент жарияланды.

Енді мәселені Конституциялық сот қарайтын болады. Заң талап ететін мерзім: 6 айға дейінгі уақыт", - деп жазба жариялады.

Пікірлер