Туризм. Қонаевта қалалық жағажай жөндеуден өтуде

1676
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысы туризм басқармасының ұйымдастыруымен өңірдегі көрікті мекендерге баспасөз-туры өтті. Шараға, республикалық және облыстық БАҚ өкілдері мен блогерлер қатысты. Екі күнге жоспарланған саяхаттың алғашқы аялдамасы Қонаевтағы нөмірі бесінші қалалық жағажай болды.

Жаз мезгілінде таптырмас демалыс орны саналатын жағажайда бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Шамамен, аумағы 25 мың шаршы метр.
Қазіргі таңда бұл маңға күннен қорғайтын шатырлардың қаңқалары орналастырылған.
Жағажай ішіне жаяу жүргіншілер жолғы, күре жол салынған. 4 мыңнан астам шаршы метр жерге газон егіледі деп жоспарланған. Сонымен қатар, сол маңайға 127 бірлік шам орнатылатын болады.

Қалалық жағажайдың жөндеу жұмыстарына «Urban Complete» ЖШС компаниясы жауапты. Құрылыс жұмыстарына қазынадан 874 млн. теңге көзделген.

Айта кетейік, мұнда спортпен айналысу, демалу, ойын ойнау, күннен қорғану, шомылу үшін бар жағдай қарастырылған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер