Визит-орталық: Туристер үшін таптырмас көмек

1322
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында туристік ақпараттық орталық жұмыс жасайды. Соның ішінде ең бастысы «Visit Alatau» орталығы. Облыстық туризм басқармасының бастамасымен құрылған орталықтың негізгі міндеті- туризмнің әлеуетін арттыру.

Аймақтағы айшықты жерлер туралы ақпарат беруге негізделген ұйымда келушілердің кәдесіне жарайтын мағұлматтар толық қамтылған. Қалалардың туристік маршруттардың және ұлттық парктердің карталарын дәл осы жерден табуға болады. Көрікті жерлер жайлы егжей-тегжейлі жазылған мәліметтерде осында.

«Visit Alatau» -дан бөлек, «Charyn» визит-орталығы бар. 2023 жылы жұмысын бастаған орталық Шарын шатқалында орналасқан. Мұнда гидтің көмегіне жүгінуге болады, нәтижесінде туристер аймақ туралы толық ақпаратқа қаныға алады. Және «Batan» және «Turgensai» оратықтары жайлы айтпасқа болмас. Іле-Алатау ұлттық паркінде орналасқан Визит-орталықтар келушілерді ұлттық саябақпен таныстыру және Іле-Алатау ұлттық паркінің Түрген шатқалының табиғи орындары бойынша саяхаттаудың бастапқы нүктесі ретінде жұмыс істеу мақсатында құрылды. Орталығы табиғи ескерткіштерге бай Алматыдан 80 шақырым жерде орналасқан әсем Түрген шатқалында орналасқан.

Орталықтан тікелей биіктігі 30 метр болатын «Аюлы» сарқырамасына дейін жаяу жүруге болады. Ұзындығы 1,3 шақырым болатын бұл туристік соқпақ әлеуметтік және барлық санаттағы адамдар үшін қолжетімді туристік маршрут болып табылады.

Сонымен қатар, Түрген шатқалы автожолының бойында пайдалы минералдарға бай суық негізгі суы бар бес бұлақ, сондай-ақ жер қойнауынан соғатын ыстық радон бұлақтары бар.

Turgensai кешенінің аумағынан дәріс залы, кәдесый дүкені, тамақтану орны, ойын алаңы және террассаларды көруге боламды.

Пікірлер