Орыс қызы асауды ауыздықтап, жамбы атуды үйретіп жүр

1488
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Шығыс Қазақстанда қазақ дәстүрін дәріптейтін орыс қызы бар, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 24.kz-ке сілтеп.

Шығыс Қазақстандағы Ұлан ауданының аруы Александра Ден шу асауды ауыздықтап, сәйгүліктің құлағында ойнап өскен.

Қыз бала кішкентайынанн бәйгеге қатысқан. Ол қазақтың ойыны қыз қыз қууда соңынан қуған жігіттерді шаңына да ілестірмейтін көрінеді. Жылқыға құмар жан қазір ұлттық спорт түрлерін жандандырып жүр.

Александра жастарға тізгін тартып, жамбы атуды үйретіп келеді.

“Қыздардың қызығушылығы басым. Бірінші нысананы бір орыннан тұрып көздейміз. Садақты игергеннен кейін жылқы үстінде шауып келе жатып атуды да игереді. Бұл істі одан әрі дамытқымыз келеді. Ұлттық спорт түрлерінен кәсіби спортшыларды тәрбиелеу жоспарда бар”, - дейді спортшы.

Пікірлер