Түркия кинотеатрларында қазақстандық фильм көрсетілмек

912
Adyrna.kz Telegram

Стамбұлда қазақстандық «Почти Мачо» комедиясының жабық көрсетілімі өтті. Аталмыш фильм Түркияның 80-нен аса кинотеатрында көрсетілмек, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Qazaqstan.tv-ға сілтеп.

Қазақ киноларынан түрік тіліне тек тарихи фильмдер аударылып отырған. "Почти Мачо" фильмінің түрік тіліне аударылған нұсқасы түрік жастарының қызығушылығын оятпақ.

"Неғұрлым басқа мәдениетті және киносын танысақ соғұрлым бір қадам алдыда жүреміз деп ойламын. Біз тек қана Түркия нарығына емес бүкіл әлемге қазақ киносын танытамыз деген жоспарымыз бар. Жақында Қазақстан Америка сопродукция фильмге дайындық жүріп жатыр. Ол жерде Голливудтың танымал актерлары және Англияның, Түркияның танымал актерлары ойнайды", - дейді Надира Ахонова, Фильмнің Түркиядағы продюсері.

Пікірлер