Қазақстандық кәсіпкер, "BI-Group" құрылыс компаниясының негізін салушы Айдын Рахымбаев тағы бір мақсаты орындалғанын жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Кәсіпкер Айдын Рахымбаев Facebook желісінде қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол 51 жасында Гарвард университетін тәмамдап, диплом алды.
"Мектептен кейін екінші талпынысымда ғана инженерлік-құрылыс институтына түсіп, оны бітірдім, бірақ 17 жасымда бір жыл колхоз бригадасында жұмысшы болып жұмыс істеуге тура келді. Содан кейін шағын бизнесті бастап, мәміле жасау үшін заңгер мамандығын қосымша оқыдым. Ал бизнес қарқынды дами бастаған 35 жасымда MBA дәрежесін алдым.
Гарвардты бітіру мен үшін келесі үлкен саяхаттың басы ғана. Ал 51 жаста өмір жаңа, бірақ белгісіз түстермен жарқырай бастады. Маған сеніңіз, өзіңіздің ең жақсы нұсқаңызға айналу ешқашан кеш емес. 20 да емес, 50 де емес, 70 де емес. Сіз батыл болуыңыз керек. Бәрі міндетті түрде орындалады!Тағы бір көптен күткен мақсатым - Гарвардтың дипломы қолымда!51 жасымда осы оқудың арқасында жаңа белестер мен есіктер ашылуда. Өмір бойы білімнің маңыздылығын жақсы түсіндім, кейде еш оқымай, жетістікке жетуге болады деп айтып жатады. Ия, мүмкін миллионның ішінде біреу жетер, бірақ барлығы емес. Сондықтан білім алудың ешқашан ерте-кеші жоқ", - деп ойын түйіндеді кәсіпкер.