АҚШ-тың төрі Вашингтонда қазақ мектебі ашылады

3595
Adyrna.kz Telegram

Америка құрама штаттарында қазақ тілінде оқытатын білім шаңырағы ашылады. Белсенділер мектептен бөлек, өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу үшін домбыра және ән-күй үйірмесін қоса ашуды жоспарлап отыр. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.

АҚШ астанасы Вашингтонда қазақ мектебі ашылады. Себебі, баласына ана тілінде білім бергісі келетін ата-аналар қатары жыл санап артып келеді. Жат жұртта қазақтардың  өз тамырынан ажырап қалмауы үшін қазақ-американ қауымдастығы бірқатар бетбұрыстарға ден қоюға даяр.

- Қазір қарап отырсақ бес, алты жасқа келген балалар бар. Қазақ тілін оқимыз деп жатыр. Қазақстаннан оқулық әкеліп жатырмыз. Тілді сақтау үлкен мақсат біздің. Тілді, дәстүрді сақтау. Ертең біз қазақпыз, біз Отанымыз жоқ, тамырымыз жоқ емес, еліміз бар, тамырымыз бар, дәстүріміз бар деп сондай балалар өссін деп ойлаймыз, - дейді Қазақ-американ қауымдастығының жетекшісі Дархан Нұрмаханбет.

Қазақ тілді мектептен бөлек, өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу үшін белсенділер домбыра үйірмесі ашылып, «Балауса» аттты хор құрылмақшы.

АҚШ-та алпысыншы жылдары небәрі жиырмаға жуық қазақ отбасы болса, қазіргі таңда қандастардың қатары еселіп өсіп, саны 100 мыңға жуықтаған. Оның бір бөлігі Түркия, Моңғолия, Қытай секілді мемлекеттерден келген қандастар. Қазақ диаспорасының ең көп шоғырланған жері -  Нью-Йорк қаласы. Одан кейінгі орында Маями, Лос-Анжелес пен Чикагода қалалары көш түзейді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер