Су тасқыны қаупі бар Жайық өзені бойында 84 елді мекен орналасқан

1575
Adyrna.kz Telegram
Фото: АқЖайық
Фото: АқЖайық

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпарат бойынша Жайық өзенін жағалай орналасқан Орал қаласы мен Бөрлі, Бәйтерек, Теректі, Ақжайық аудандарында 84 елді мекен бар.

Бөрлі ауданындағы 9 елді мекеннің екеуінде ғана су басу қаупі жоқ. Ал Жарсуат, Димитрово, Приуральный, Облавка, Бумакөл, Бөрлі, Қанай, Даниякөл секілді қалған жеті ауылда жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілуде.

Бәйтерек ауданың 20 ауылы Жайық бойында орналасқан болса соның алтауында су басу қаупі жоқ деп саналған. Өзенді жағалай орналасқан 14 ауылда тасқынның алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Теректі ауданында 7 елді мекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан болса, 12 ауылға қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл ауданда да барлық сақтық шаралары қолға алынуда.

Ақжайық ауданының 31 елді мекені Жайық өзені бойында орналасқан болса, соның 6 ауылына қауіп жоқ. Қалған елді мекендер су тасқынын қауіпсіз өткізу үшін барлық сақтық шаралары жасалуда.

Облыс орталығы мен үш шағын аудандарында да су басу қаупі төнген. Су тасу қаупі бар Зачаганск, Круглозерный, Желаев ауылдарында өзен жағалауларын бекіту жұмыстары қарқында жүргізілуде.

Жалпы көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында облыс аумағында 56,1 шақырым уақытша валдар соғылып, 60 мыңға жуық топырақ толтырылған қаптар салынған.

Пікірлер