Елімізде көктем келгелі қар еріп, су тасқыны басталды. Еріген қар суы мен жаңбыр суы бірнеше облыс тұрғын әбден әбіргерге түсірген, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Бүгін арнайы комиссия су басқан барлық үйге келтірілген залалды бағалау жұмыстарына кіріскен. Су тасқынынан зардап шеккендерге жергілікті облыс бюджетінің резервінен және бюджеттен тыс қаражат есебінен көмек көрсетілетін болады.
Одан бөлек қиналғандарға қол ұшын созғандар көп. Халық жаппай қаражат аударса, ендігі бірі азық-түлік, көрпе-төсек жіберіп жатыр.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы университеттің Археология ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері Мұхтар Қожа да бірлестікпен бірге қаржылай көмек көрсетіп жатқанын жазған.
"Қожа Ахмет Ясауи атындағы университеттің Археология ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері судан зардап шеккен халыққа бір күндік жалақысын аударатын болды. Көп түкірсе көл деген. Олихартар да аянып қалмас деп ойлаймын", - деп жазды ол.