Жеті томдық қазақ-түрік сөздігі басып шығарылды

242
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jlDrpjv8ET7z7zhO2NqdbWytkssEx20HpJ9SM2BS.webp

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жеті томнан тұратын қазақ-түрік сөздігін әзірлеу жұмысын аяқтады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Жоба түркітану саласындағы ауқымды лексикографиялық еңбектердің біріне айналды.

Университет мәліметінше, сөздікті дайындау жұмыстары төрт жылға созылған. Зерттеу жобасының негізгі мақсаты – түркі тілдерін салыстыра зерттеу, олардың ортақ тілдік ерекшеліктерін зерделеу және түркі әлемінің мәдени-тілдік мұрасын сақтау.

Сөздікті құрастыру барысында зерттеушілер қазақ әдебиетінің шамамен 1,5 мың шығармасын талдаған. Оның ішінде 787 шығарма сөздікке арналған тілдік корпусты қалыптастыруға пайдаланылды.

Зерттеу нәтижесінде көлемі шамамен 30 миллион сөзден тұратын ауқымды тілдік корпус жасалған. Жеті томдық басылым қазақ және түрік тілдерінің лексикалық қорын салыстыра зерттеуге мүмкіндік беретін маңызды ғылыми еңбек ретінде ұсынылды.

Пікірлер