Кетігін таппаған кризис-менеджер. Бозымбаев жаңа қызметке тағайындалды

4032
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден скрин
Фото: Бейнеден скрин

Мемлекет басшысының жарлығымен Премьер-министрдің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақордаға сілтеп.

Аталған жарлық бойынша Қанат Бозымбаев жаңа қызметке тағайындалды. Ол бұрын Энергетика министрі, Алматы, Павлодар, Жамбыл облыстарының әкімі болған. Соңғы атқарған қызметі -  Президент кеңесшісі болатын.

Жаңа тағайындау туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланған.

Алайда жаңа тағайындаудан соң "Чемодан госсекретов" телеграм-арнасында Бозымбаев пен Склярға қатысты ақпарат тарады.

"Склярдың орнына Бозымбаев тағайындалды деген ақпарат тарап жатыр. Бұл жалған. Бозымбаев премьер-министрдің жаңа орынбасары қызметіне кірісіп, Бектеновтың бірінші орынбасары (Роман Склярдың) функциясындағы жүктемені ішінара жеңілдетеді", - делінген.

Еске сала кетейік, Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіндегі Роман Склярдың қызметіне қатысты ешқандай ресми мәлімдеме жарияланған жоқ.  Алайда кеше өткен жиын барысында Президент су тасқынына қарсы уақытылы шара қабылдамағаны үшін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға және бірнеше басшыға қатаң сөгіс жариялаған болатын.

Қанат Бозымбаев көптің есінде "Қаңтар оқиғасы" кезінде жақсы сақталған. Қанды оқиға кезінде Алматы облысының әкімі болған Бозымбаев митингіде көп алдында боғауыз сөз айтқан. Артынша ол өз әрекетін арандатушылардың "айғайлағанынан соң"  деп түсіндірген.

Алматы облысының әкімі лауазымынан кейін ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі Президент кеңесшісі болып тағайындалған.

Пікірлер