Қытайда Ресей, Қазақстан және Орталық Азияны зерттейтін отыздан астам институттар мен орталық бар. Олар біздің тарихымыздан тартып, қазіргі жағдайымызды жан-жақты терең зерттеп отыр.
Олар мемлекеттік бюджеттен қаржыланады және жобалар арқылы грантпен қаржыланады.
Сол арқылы Қазақстанға келеді, айлап, жылдап жатып зерттеу жүргізеді. Ондай институттан бізде тек Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты ғана бар.
Бірақ олардың зерттеу нысаны – Қытайды қамтыған бүкіл Шығыс елдері.
Соңғы жылдары аталмыш институт қазіргі Қытайды зерттеуге ойысып, қолданбалы маңызы зор өзекті тақырыптар бойынша жүргізген зерттеу нәтижелерін жариялай бастады. Бұл – құптарлық беталыс.