Мемлекеттік сыйлық шартында деректі прозаға да орын қарастырылған. Бірақ мені кім тыңдап жатыр дейсіз...

172
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/w5ywUbVex57mat4EuIMXj1t0fUEli8NEFifyPUsz.webp

Біздің ұзақ тарихымызда еске алсаң күңіренетін нәубеттің бірі – қолдан жасалған ашаршылық. Оның ақиқатын ұзақ жылдар архивтен іздеп, дерек пен қазақ тағдырын сабақтастыра жазған қаламгердің бірі – Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайлов.

Ол кісінің «Хроника великого джута» – «Ғаламат жұт шежіресі» кітабы небір марапатқа да лайық еді.

Бір топ қазақ өзіміз гу-гу етіп жүріп, ол кісіні есімізден шығарып қойыппыз.

Абай атындағы мемлекеттік сыйлық шартында деректі прозаға да орын қарастырылған. Бірақ мені кім тыңдап жатыр дейсіз...)

Биыл, сексен жасқа толған мерейлі шағында, Президент Жарлығымен Валерий Федорович Михайлов отандық әдебиетті дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталыпты.

Мәртебелі марапатыңыз құтты болсын!

Ол кісімен жүздесіп қалсам, кепкамды шешіп, оң қолымды кеудеме қойып, жалпақ қазақ тіліммен: «Ғизатлы Валерий ақсақал, Қазақ елінің тарихына деген құрметіңіз, ашаршылық қасіретін ұмыттырмауға сіңірген аса зор еңбегіңіз үшін біз Сізді төбемізге тұтамыз! Ашыққан қазақтарды жазған ғаламат еңбегіңізді тоқ қазақтар да ұмытпас...» - дер едім.

Ularbek Daleiuly

Пікірлер