Атырауда жолаушы қоғамдық көліктің жүргізушісіне қол көтерген, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Атырау облыстық ПД-ға сілтеп.
Жүргізушіні балағаттап, соққыға жыққан ер адам қазір ұсталды.
Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі автобус жүргізушісін соққыға жыққан ер адамның жасы 47-де екенін хабарлады.
"Бүгін, 5 наурыз күні сағат 14:40 шамасында 47 жастағы ер адам №22 бағытта қатынайтын қоғамдық көліктің жүргізушісіне күш қолданып, ұрып-соққан. Қазір 49 жастағы жүргізушіге келтірілген дене жарақатын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ұсталған күдіктіге қатысты бұзақылық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды", - деп хабарлады облыстық департаменттің баспасөз қызметі.
Қатты соққы салдарынан жүргізушінің беті мен көзі ісіп кеткен. Жолаушы валидаторды да қоса сындырған.
Ұқсас жаңалықтар
Мүгедек қызға тиісіп, телефонын тартып алған. Алматылық автобус бақылаушысының ісі көпті шулатты (ВИДЕО)