Президент қалалардағы автобус жолақтарына байланысты тапсырма берді

4435
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/04/izobrazhenie_2021-04-22_160751.png
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен әкімдерге қарбалас уақытта және демалыс күндері автобус жолақтарын пайдалану мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Қалалар ішіндегі автомобиль ағындарын сауатты туралау — бөлек мәселе. Осыған байланысты мен үкімет пен әкімдерге қарбалас уақытта және демалыс күндері арнайы бөлінген автобус жолақтарын пайдалану мәселесін шешуді тапсырамын», деді Президент Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері кеңесінде.
Ол мұндай тәжірибе Мәскеуде, Стамбулда және Парижде кең таралғанын атап өтті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер