СЕРІК АБАС-ШАХ: Телефонмен сөйлескен жүргізушілердікі “айналайын” екен ғой...

3343
Adyrna.kz Telegram

Көлікті басқарып келе жатқанда ұялы телефонын шұқылап, әлеуметтік желідегі жаңалықтарды ақтарып отыратын жастарды көргенде телефонмен сөйлесіп келе жатқан жүргізушілердікі “айналайын” екен ғой деп қаласың.

Бір жолы Алматыдағы көп кептелістің бірінде айнаға қарап ернін бояп қана қоймай, наушник арқылы біреулермен екпіндеп сөйлесіп отырған жүргізуші қызды (келіншек те болуы мүмкін) көргенім бар. Жарайды, баяу жүріп келе жатқанда боянып, таранып үлгеруге болатын шығар, бірақ бүгінгі көрініс кезіндегі көлік жылдамдығын тасбақа жүріске теңеуге болмас еді.

Екі аялдамаданың арасындағы қашықтыққа жетер-жетпес аралықта бір емес, үш жол апатына куә болдым. Үлкен апат емес, әрине (сүзіп кеткен, жырып кеткен, қысып қалған және т.б) Осылардың бәрі болмаса да біразы телефон шұқылағаннан шығар сірә. Адамдары аман әйтеуір, шүкір дестік. Ал олай болмаса ше?

Сақтанып жүріңіздер, ағайын!

Кептелген Алматы.

29.01.2024

 

Серік Абас-шах

 

 

 

Пікірлер