Қырғыз көліктері Қазақстаннан тонналап заңсыз бензин әкетіп жатыр - ҚМА

1541
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақ-қырғыз шекарасында бір айдың өзінде 10 мың тонна бензин заңсыз тасымалданған. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, қырғыз көліктер бензинді көлігінің багына немесе қолдан жасалған қосымша бактарына құйып алып, заңсыз әкетіп жатыр.

«Қаржы мониторинг агенттігі шекара маңындағы өңірлерде жанар-жағар майды елден шығаруға қарсы бірлескен бақылауды күшейтуге қатысты ведомствоаралық кездесу өткізді. Баға айырмашылығына байланысты жеңіл көліктер көлігінің багына және қолдан жасалған багына бензин құйып алып, оны ел аумағынан заңсыз әкетіп жатыр. Тек қазақ-қырғыз шекарасында айына осындай тәсілмен 10 мың тонна бензин тасымалданады», - деп хабарлады ҚМА.

Жалпы, жыл басынан бері жанар-жағармай тасымалына байланысты 21 қылмыстық іс тіркелген. Бұл заңсыз айналымның көлемі 3,5 мың тоннадан, ал құны 900 млн теңгеден асқан.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер