Перизат Қайраттың көлігі қаржы агенттігінің балансында жоқ екені анықталды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cy1yEd2CD7fLrUG4098niZhhXOVKnFV6hG8rT8H8.webp

Астанада резонанс тудырған Lexus LX 600 автокөлігіне қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Информбюроға сілтеп.

Перизат Қайрат ісінде тәркіленген қара түсті жол талғамайтын көлік қазіргі таңда Қаржылық мониторинг агенттігінің балансында жоқ.

Мәліметке сәйкес, мемлекеттік нөмірі 100PKO01 болатын көлік 2025 жылдың қарашасында аукционға шығарылған. Оның бағалау құны 79 миллион теңгеден асқан. Автокөлік Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваның ағасының атына тіркелгені айтылған.

Алайда бұған дейін, 2025 жылдың желтоқсанында Астана қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті бұл көлік ҚМА балансына берілгенін хабарлаған еді. Ал агенттіктің өзі бұл ақпаратты растамай отыр. Ресми жауапта қазіргі таңда аталған көлік олардың теңгерімінде жоқ екені көрсетілген.

Сонымен қатар, 7 сәуір күні өткен сауда-саттықта Mercedes-Benz S450 және Haval H6 GT автокөліктері сатылып, оларды Астана қаласының полиция департаменті жеңіп алған.

Пікірлер