Алғашқы хандардың ордасы. Президент көмекшісі Сарайшыққа барды

1567
Adyrna.kz Telegram
Фото: facebook.com/ruslan.zheldibay
Фото: facebook.com/ruslan.zheldibay

Президенттің көмекшісі Сарайшық қалашығындағы археологиялық жұмыстармен танысты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қазақстан президентінің көмекшісі Руслан Желдібай Қазақ хандығы заманында аса маңызды болған қалалардың бірі Сарайшыққа сапар шеккен. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жазды.

Жошы ұлысында астана мәртебесін алып, Қазақ хандығының алғашқы хандарының ордасы болған Сарайшыққа арнайы барып, тарихи орында жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстармен таныстым. Биыл Ұлттық құрылтайды ұйымдастыру аясында аймақта ауқымды шаралар атқарылады, - деді Руслан Желдібай.

Президент көмекшісі өз жазбасында тарихи жадты жаңғыртуға да тоқталып өтті.

Елімізде 2019 жылдан бері тарихи жадымызды жаңғырту бағытында үлкен шаралар жүргізіліп жатқанын білесіздер. Президенттің бастамасымен осыдан үш жыл бұрын Алтын Орданың 750-жылдығы тойланды. Биыл Жошы ұлысының 800-жылдығын атап өтеміз. Мұның бәрі - Ұлық ұлыстың тарихи мұрагері ретінде мемлекеттігіміздің тарихын түгендеп, тұғырын одан әрі бекемдеу үшін аса маңызды жұмыстар, - деп жазды ол.

Пікірлер