Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2026 жылдан бастап еліміздің 217 мектебінде дзюдо секциялық форматта енгізіледі. Бұл туралы Президент көмекшісі Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
“Халықаралық дзюдо федерациясының оқушыларға арналған арнайы жеңілдетілген бағдарламасын бізге толық беріп отыр. Осы шешім үшін IJF басшылығына алғыс білдіремін.
Жалпы, алдағы үш жылда 1 мың мектепке енгізу жоспарланып отыр. Басымдық ауыл мектептеріне беріледі. Бағдарлама аясында бапкерлерді дайындауға да көңіл бөлінеді.
Дзюдо - керемет спорт. Мұнда денсаулықпен қатар, тәрбиелік мәні жоғары.
Сабырлы, төзімді болу, тәртіпке бағыну, қарсыласты құрметтеу, мінездің қалыптасуына әсер етеді. Сондай-ақ қауіпсіздік жағынан да пайдалы. Ұлдар да, қыздар да еркін айналыса алады, аса шығынды талап етпейді”, - деп жазды ол.