Павлодар облысында жоғалып кеткен әйел табылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
12 күн бұрын жоғалған 26 жастағы Диана Сағынтаева аман-есен табылды. Ол Ертіс ауданы Қызылжар ауылында орналасқан үйінен Павлодарға жұмысқа шығып, 12 күн бойы хабарсыз кеткен болатын.
"Барлықтарыңызға рахмет! Полиция тапты, аман. Өзіңіз бен жақындарыңызға қамқор болыңыз", - делінген Vita еріктілерінің Instagram парақшасында.Диана Сағынтаева екі баланың анасы. Әйелдің осы уақыт бойы қайда болғаны белгісіз.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда Жұмысшы мамандықтар жылын қолдау аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық бастамаларын дамыту мәселелері талқыланды