12 күн бойы іздеген. Павлодарда жоғалып кеткен әйел табылды

1951
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpeg?token=872acba811ec7e4ef3d5f3b21d5a1ae9
Павлодар облысында жоғалып кеткен әйел табылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 12 күн бұрын жоғалған 26 жастағы Диана Сағынтаева аман-есен табылды. Ол Ертіс ауданы Қызылжар ауылында орналасқан үйінен Павлодарға жұмысқа шығып, 12 күн бойы хабарсыз кеткен болатын.
"Барлықтарыңызға рахмет! Полиция тапты, аман. Өзіңіз бен жақындарыңызға қамқор болыңыз", - делінген Vita еріктілерінің Instagram парақшасында.
Диана Сағынтаева екі баланың анасы. Әйелдің осы уақыт бойы қайда болғаны белгісіз.
评论
其他材料