Қарапайым адам

2795
Adyrna.kz Telegram

Маған шымыр, сымдай тартылған адамдар ұнайды. Спортзалға бардым деп селфи жасамай, тек өзіне мән беретіндер. Дұрыс тамақтануды дәстүр қылған, бірақ бұрыш-бұрышта сонысын мақтан етпейтін жандар ұнайды. Темекі шекпейтін, сосын ақыл айтып, мазаңды алмайтындар ұнайды. Мен интровертпін дейтін әртістердің сәт сайын неше түрлі сәнді дүкеннің киім-кешегін алдым деген жүз суретін сториске сала бермейтіні де ұнайды. Интроверттер құпия өмірін ешкімге көрсетпей сүргені әдемі ғой. Әлеуметтік желіде бос мақтана бермей, өз баласын шын жақсы көретін аналар ұнайды. Өзінің жазғаны мен шығарғанына қатты ұялатын дарынды адамдар ұнайды. Сұлулығының қуатын білетін, жан дүниесінде ерекше үйлесімділігі бар әйелдер ұнайды. Сырты әдемі, іші бос қалбыр сияқтылары ұнамайды. Сұлу әйелдердің жабық парақшалары ұнайды. Олар ешкімге ештеңе дәлелдеп әуреленбейді. Өзі үшін өмір сүріп, демалыста теңізге барып, кіммен шампан ішкенін, кіммен сүйіскенін жариялап, әуре болмайтындар ұнайды. Бастаған ісін тек өзіне ұнаған соң істеп, айналасының мақұлдауын күтпейтін адамдар ұнайды. Менің осы ұнайтын адамдардан сәт сайын, күн сайын үйренерім көп. Қазіргі заманғы естері ауысқан, қарақан басынан басқаны көзі көрмейтіндердің бірі боп қалмауыма көмегі зор.
Адамның адамгершілігі мықты болған сайын ол әр істе қарапайым бола береді екен. Бос қалбыр ғана қаңғырлайды.

Аглая Датешидзе
Аударған: Шынар Әбілда

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер