Армия спортшылары Парижде өтетін Олимпиадада оқ атудан жарысқа қатысуда

2087
Adyrna.kz Telegram
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Нысана көздеуден лицензиялық Азия чемпионатында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері оқ атудан жарысқа қатысуда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Индонезияның Джакарта қаласында (5-18 қаңтар аралығында) оқ атудан, Кувейттің Эль-Кувейт қаласында (12-22 қаңтар аралығында) стенд ату чемпионаты өтіп жатыр.

Индонезиядағы жарысқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметкерлері Валерий Рахымжан, Юрий Юрков, Эльдар Иманқұлов және қатардағы әскери қызметші Ярослав Махнев қатысып жатыр. Сайыс барысында армия спортшысы Валерий Рахымжан финалға шығып, бесінші орынға ие болды. Ал оқ атудан Азия чемпионатына Азия құрлығының 29 елінен барлығы 380 спортшы қатысуда.

Кувейтте өтетін Азия чемпионатында 40 елден 500-ден астам спортшы бақ сынамақ. Қазақстан атынан 18 атқыш бар. Олардың қатарында әскери қызметкерлер – кіші сержант Әсем Орынбай мен әскерге шақырылған қатардағы Әлішер Айсалбаев бар.

Қазақстандық спортшыларға Париждегі Олимпиадаға лицензиялық квоталарды жеңіп алу міндеті жүктелді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер