Жүкті әйел отырған жедел жәрдемге оқ атылды

2822
Adyrna.kz Telegram

Жедел жәрдем көлігіне оқ атты деген күдікті табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Бурабай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 17 жастағы күдіктіні, сондай-ақ екі куәгерді анықтады. Олардың барлығы – Щучинск қаласындағы колледждердің бірінің студенті", - деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жеткіншектердің айтуы бойынша, олар 11 сәуірде кешкі сағат 22.00 шамасында көпқабатты үйдің ауласында пневматикалық тапаншадан темір бөтелкелерді атқан.

"Оқтың бірі осы уақытта өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігіне кездейсоқ тиіп кеткен. Жастардың автокөлікке қасақана оқ ату ниеті болмаған", - деп нақтылады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікірлер