Қазақстандық халықаралық жарыста жеңіске жетті

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OWimAACMn6Xnx4BMtzSOThJDyLWRXNY3uZqUmRn6.webp

Қазақстандық велошабандоз халықаралық жарыстың екінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Report-қа сілтеп.

Қазақстандық велошабандоз Евгений Федоров Баку – Ханкенді халықаралық веложарысының екінші кезеңінде жеңіске жетті.

Astana Qazaqstan Team өкілі Әзербайжанда өткен жарыс қашықтығын 4 сағат 41 минут 38 секундта бағындырған.

Екінші орынды швейцариялық Александр Бальмер иеленсе, үздік үштікті уругвайлық Эрик Антонио Фагундес түйіндеді.

Екінші кезеңде қатысушылар Sea Breeze аумағынан бастап, Исмаиллыға дейінгі 193,3 шақырым қашықтықты жүріп өтті.

Еске салайық, жарыстың алғашқы кезеңінде қытайлық Li-Ning Star командасының өкілі Алексей Шнирко жеңімпаз атанған болатын.

 

Пікірлер