“Зорландым” деген алматылық ару прокурорлардың әрекетсіздігіне шағымданды

1831
Adyrna.kz Telegram

Алматылық ару зорлық-зомбылық құрбаны болып, әділдік іздеп, араша сұрайды, - деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.  SVET қоғамдық қорының Instagram желісінде зардап шеккен қыздың видео хабарламасы пайда болды. Оның айтуынша, өзіне белгісіз себептермен зорлау ісіне қатысты тергеу жұмыстары кешіктіріліп жатыр.

Жәбірленушінің есімі Элина, ол 22 жаста. Оны бір танысы зорлап кеткен. Оның айтуынша, ол 2023 жылдың 9 наурызына қараған түні достарымен барда демалып  отырып, әлгі танысын кездестіріп қалған.

«Алыс бір танысым қасыма келіп, бірнеше рет әңгіме қозғамақ болып, алкогольдік коктейльмен сыйлағандай болды да, содан кейін мен өзімді қатты мас сезіндім. Құрбым екеуміз үйге қайтуға дайындалып жатқанда, күдікті жеткізіп тастауға ұсыныс жасады. Жолды үш мекен-жайға бөліп такси шақыртты және менің мас әрі дәрменсіз күйде қалғанымды пайдаланып, маған білдірмей таксидің мекен-жайын ауыстырып өз үйіне әкетіп қалған», - дейді бойжеткен өзінің видео хабарламасында.

Зорлау ісі күдіктінің пәтерінде болған.

«Мен ес-түссіз күйде болдым, бірақ мен арасында ес жиып, қарсылық көрсетуге тырыстым, бірақ нәтиже болмады. Келесі күні таңертең ояндым. Бейтаныс жабық пәтер, жалғыз өзім ғана. Біраз уақыттан кейін мен құрбыларыма хабарластым, олар мені тезірек ол жерден шығаруға тырысты», - деп еске алады Элина.

Бойжеткен құқық қорғау органдарына хабарласқан. Ол арыз жазып, қылмыстық іс қозғалды. 288 күндік тергеуден кейін полиция істі прокуратураға жіберді.

«Алайда прокурор сол түні мені айдаған такси жүргізушілерінен жауап алу үшін істі қосымша тергеуге жіберуді ұйғарды. Яғни, 288 күннен кейін олар күн сайын көп адам тасымалдайтын такси жүргізушілерінен жауап алғысы келеді. Тікелей айғақтардың болуына қарамастан, яғни екі рет сот медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша: санның ішкі бөлігінде және денедегі қарсылық таныту кезінде пайда болған көгерген іздер мен іш киімдегі күдіктінің ұрығы. Соған сәйкес, осының барлығынан кейін менде бірқатар сұрақтар туындайды: прокуратура қандай мақсатпен істі сотқа жібермейді? Барлық қажетті тікелей дәлелдер бар болса, оны қосымша тергеуге жіберу керек пе?» – дейді жәбірленуші.

"Зорлық-зомбылық болғаннан бері 310 күн өтті. Мен барлық тікелей дәлелдерге ие бола отырып, істі сотқа жіберуді талап етемін. Мен әділеттілікті талап етемін. Мен зорлық-зомбылықтан аман қалған әрбір әйел қорғалатынын дәлелдегім келеді», - деп түйіндеді Элина.

Алматы қалалық ІІД бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Іс жүргізу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды, қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікірлер