Астанада жоғары сынып балалары сегізінші сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

1591
Adyrna.kz Telegram

Астанада жоғары сыныптың төрт оқушысы сегізінші сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Өкінішке қарай, мұндай факті орын алды. Біз бірден әрекет еттік. Төрт кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды. Қазір қылмыстық іс жүргізілуде", - деді ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

30 қаңтарда Астана мектептерінің бірінде сегізінші сынып оқушысына зорлық жасады деп күдіктелген кәмелетке толмағандардың қамауға алынғаны туралы айтылды.

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева бұл факт 17 қаңтарда ҚР ҚК 121-бабы, 4-бөлігі (жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша зардап шеккен сегізінші сынып оқушысының анасының мәлімдемесінен кейін тіркелгенін хабарлады.

Пікірлер