Ақтөбе облысы Хромтау қаласында тұрғын үй өртеніп, құтқарушылар 60 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мәлімет бойынша, қаладағы Есет батыр көшесінде бес қабатты үйде пәтер өртенді. Онда газ шлангісінің бұзылуынан өрт шыққан.
«Құтқарушылар 60 тұрғынды эвакуациялады. Оның ішінде 15 бала бар. Өрт сөндірушілер газ құбырын жедел жауып, өрттің таралуына жол бермеді», делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Есте сақтау қабілеті балық сияқты қоғамбыз. 15 адамның өмірін қиған өртті ұмытып, Төреғалиді айтып жатырмыз.
