Бір ғасырға жуық. Шымкентте тозығы жеткен сейсмологиялық станцияның ғимараты жаңарады

1563
Adyrna.kz Telegram
Фото: Kazinform
Фото: Kazinform

Шымкентте тозығы жеткен сейсмологиялық станция жаңартылады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Kazinform-ға сілтеп.

Үшінші мегаполистің сейсмологиялық станциясы 1927 жылдан бері өзге ғимаратқа ауыстырылмаған.

Сейсмикалық деректерді жинау, талдау, өңдеу, жер сілкінісі ошақтарының класын, магнитудасын және бағытын анықтау жұмыстары жүргізілетін бекетте 3 қызметкер жұмыс істейді.

Бір ғасырға жуық тарихы бар тозығы жеткен ғимаратпен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Шымкент» сейсмологиялық станциясының жұмысымен танысты.

Мегаполис басшысы бекеттің жай-күйін көріп, жауаптыларға жаңа ғимарат салуға тапсырма берді.

Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы елімізде 23 қаңтардан бастап 1900-ден астам жер сілкінісін тіркегенін айтты. Ал қазақстандықтар оның 11-ін сезген.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 секундта жер сілкінісі тіркеліп, жұртты әбігерге салған. Бұл апат Алматыда 5 балл болса, Шымкентте 2 балл тіркелген.

Пікірлер