Шымкентте полицей тұрғын үй алуға адамдарды заңсыз тіркеген

2070
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/218e3cc5-db45-4f66-88ea-d8b7dbb7d860-960x500.jpeg?token=176e8739b576ea02153d4c78f182a438

Шымкент қаласының прокурорлары әлеуметтік несиелік тұрғын үй алудың қылмыстық схемасын анықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Көші-қон полициясы қызметкерінің 16 адамға қатысты әлеуметтік баспана алу үшін тұрғылықты тіркелу уақытына заңсыз өзгеріс енгізу фактісі анықталды.

Жинақталған құжаттар Қылмыстық кодекстің 369-бабының 2-1-бөлігінің негізінде СДТБТ-ге тіркелді (құқық қорғау органының қызметкері жасаған

қызметтік жалғандық) және тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданды»,—делінген хабарламада.

Көші-қон полициясы қызметкерінің кінәсі толық дәлелденді. Ол «полиция майоры» шенінен айырумен 1,5 жылға сотталды.

Сонымен қатар тағы 147 адамды жалған тіркеуге қою фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жалғасуда.

Comments