Алматыда аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен қамауға алынды

1675
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Алматыда Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Жемқорлыққа қарсы қызмет шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

"Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл сома мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шарттар жасасуға көмектесу, орындалған жұмыстардың актісіне қол қою және жалпы қамқорлық үшін жұмсалған", - делінген хабарламада.

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер