Млн доллар, “алтын іш киім”. Бірнеше депутат жемқорлық бойынша ұсталды

323
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ha3VfysFTeMSU3MLtVGmZ6aHXThqbodHKl9LaV3j.webp

Иракта құқық қорғау органдары депутат Хинд әл-Аббасидің үйінде тінту жүргізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Haber.ru мәліметінше, тінту нәтижесінде 57 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақша, 27 келі таза алтын және жұртшылықтың ерекше назарын аударған «алтын іш киімді» тапқан. Билік оның нақты қандай бұйым екенін нақтылаған жоқ.

Бұл операция мемлекеттік қаржыны мақсатсыз пайдалану мен жемқорлыққа қатысты ауқымды тергеу аясында жүргізілген. Мәліметке сәйкес, іс бойынша депутаттар мен жоғары лауазымды шенеуніктерді қоса алғанда, 47 адам ұсталған.

Ирак премьер-министрі Әли әл-Зейди үкіметтің жемқорлықпен күресті жалғастыратынын айтып, алдағы уақытта өзге де жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты тергеулер басталуы мүмкін екенін хабарлады..

Пікірлер