Алматыда аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен қамауға алынды

2527
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2018/07/A--SHALAR-960x500.jpg?token=02977a0e5a38068b725a64fec1fc3c6e

Алматыда Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Жемқорлыққа қарсы қызмет шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. "Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл сома мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шарттар жасасуға көмектесу, орындалған жұмыстардың актісіне қол қою және жалпы қамқорлық үшін жұмсалған", - делінген хабарламада. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии