Атырауда мұз ойылып, жасөспірім қыз суға түсіп кетті

1698
Adyrna.kz Telegram

Атырау қаласында орталыққа жақын маңда Жайық жағалауында қыз бала мұз ойылып, суға түсіп кеткен. Бұл туралы Polisia.kz жариялады,деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, хабарлама түскен сәтте патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ғапу Жанарыс, Арсен Мұратов, Құрманғазы Мерей және әкімшілік полиция бөлімі инспекторы Арманбек Ғабитов дереу оқиға орнына жеткен.

Мұз ойығынан басы ғана көрінген адамның әйел адам екенін дауысынан ғана айырған полицейлер бірден құтқаруға кіріскен.

«Атыраулық полицейлер мұз ойығынан суға түсіп кеткен жасөспірімді құтқарды.

Тосыннан адам өміріне араша түскен полицейлердің қырағылығы мен ептілігі нәтижесінде жасөспірім жағаға шығарылып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Осылайша атыраулық полицейлер мұз ойығынан суға түсіп кеткен жасөспірімді құтқарды», делінген хабарламада.

Жедел-тергеу тобы тиісті шараларды бастап кетті.

Пікірлер