Қазақстан әскеріндегі сарбаздардың 2 миллиард теңгеге жуық несиесі бар

1859
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан армиясының сарбаздарының жалпы алғанда 2 миллиард теңгеге жуық несиесі бар, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

«5 мыңнан астам сарбазға 1 млрд 875 млн теңге несиелік қаржысына төлеу мерзімі ұзартылды. Қазіргі уақытта банктер мен шағын несие ұйымдары 5 мыңға жуық әскери қызметшінің 1,6 млрд теңгеге өтінімін қарауда», - деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Кейінге қалдыру бүкіл қызмет немесе әскери дайындық кезеңіне беріледі. Бұл ретте ақпарат алмасу мүдделі органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Айтуларынша, ҚР Қорғаныс министрлігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі меморандум жасасқан. Қорғаныс министрлігі «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жаңа 50-1-бапты енгізу туралы бастама көтерді. Заң жобасы Мәжілісте қаралуда.
Сондай-ақ әскери оқуға шақырылған тұлғаларға негізгі қарызды және сыйақыны төлеуді кейінге қалдыру ұсынылды.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер