«Мен оған дайынмын». Вице-министр отставкаға байланысты сұраққа жауап берді

1036
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚазТАГ
Фото: ҚазТАГ

ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында «Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету: қабылданған шаралар және құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Елімізде сарбаздардың қазасы көбейіп кетті. Бұған Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмысқа жауапты орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаевқа  айыпты емес пе? Әскердегі тосын жағдайға байланысты вице-министр отставкаға кету керек шығар» деген журналистің сұрағына Шайх-Хасан Сатарқұлұлының өзі жауап берді.

«Алдында статистиканы көрсеттік қой. Ал сіз «Сарбаздардың қайтыс болуы көбейіп кетті» деп айтып отырсыз. Біз келтірген статистиканы тыңдасаңыз, жылдан жылға көбейіп жатқан жоқ, керісінше азайып жатыр. Екіншіден, менің осы лауазымды ары қарай жалғастыруым Қорғаныс министрі мен Бас қолбасшымыз президентіміздің құзырында. Қалай айтса, мен оған дайынмын – деді ол.

Пікірлер