Кувейттің әмірі, 86 жастағы шейх Наваф әл-Ахмад ас-Сабах үш жылдық биліктен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі euronews-ке сілтеме жасап.
Оның қайтыс болғаны туралы мемлекеттік телеарнада хабарланды. Дегенмен, монархтың өлімінің себебі аталмаған.
Тек қараша айының соңында әл-Ахмад Ас-Сабах денсаулығының нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызылғаны айтылған болатын.
Кувейттің жаңа әмірі ретінде билікке оның інісі келді. Жаңа басшы Мишаал әл-Ахмад Ас-Сабах 83 жаста. Ол осы уақытқа дейін әлемдегі ең кәрі ханзада, тақ мұрагері болып саналған.
Айта кетейік, 4,2 миллион халқы бар Кувейт әлемдегі мұнай қоры бойынша алтыншы орынға ие.
Ұқсас жаңалықтар
Құдайым-ау, неткен сәбеттік ностальгия бұл?! Ғылым академиясы қайтып тірілсе, Жазушылар одағына дені дұрыс басшы сайланса, қазақтар ғылым мен әдебиет салаларында Нобель сыйлығын қырып алады екен ғой.))