Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында зардап шеккен тағы бір жұмысшы көз жұмды

1339
Adyrna.kz Telegram

Қарағандыда Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің бауыры Ерлан Нығматулиннің YDD Corporation ферроқорытпа зауытының тағы бір жұмысшысы қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Бүгін компания қызметкері, технолог Қазкен Ерұлан Қайырбекұлы ауруханада қайтыс болды», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Бұған дейін пештің басшысы Исмаилов Мұзафар Имантайұлы ауруханада қайтыс болған еді.

Естеріңізге сала кетейік, 20 шілдеде YDD Corporation ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай орын алған болатын. No1 пеште кенеттен жалын шығып, салдарынан кәсіпорынның сегіз қызметкері зардап шекті.

Пікірлер