Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауылында балабақшадағы 6 бүлдіршіннің скарлатина дертіне шалдыққаны белгілі болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«Осыған байланысты Тасқала ауданы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен аталған балабақша карантинге жабылды», - деп мәлімдейді БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Қазіргі кезде ауру ошағында эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, скарлатинаға шалдыққан балалардың біреуінің жағдайы ауыр.
Үшеуінің жай-күйі орташа.
Өкінішке қарай, бір қыз бала көз жұмды.
«Қыз бала өлімінің нақты себебі паталогоанатомиялық зерттеу қорытындысынан кейін белгілі болады», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасынан.
«Адырна» ұлттық порталы