Талдықорғанда қызға кеңсе пышағымен шабуыл жасаған күдікті ұсталды (ВИДЕО)

2228
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Талдықорған полицейлері қызға кеңсе пышағымен шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

28 жастағы Адина Хуанбекқызы өзінің бұрынғы жігітінен зәбір көрген.

«Маған тап беріп, мойын тұсымды пышақтады. Жедел жәрдем келіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан кейін қаладағы көпсалалы ауруханаға апарды»,—деді жәбірленуші.

35 жастағы күдікті қазіргі уақытта полицияға жеткізілді.

«Тергеуші істі Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша қайта дәрежелеп, прокурормен келісілді. Тергеуді облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды»,—деп түсіндірді қалалық полиция департаменті.

<

Пікірлер