АСХАТ ҚАСЕНҒАЛИ: АҚШ кедендік бақылау қызметі заңсыз өтпек болғандар арасында Азия және Африка азаматтары көп екенін айтады.

1963
Adyrna.kz Telegram
АҚШ-тың кедендік бақылау қызметі шекараны заңсыз өтпек болғандар арасында Азия және Африка құрлығының азаматтары көп екенін айтады. Оның ішінде 2021-2023 жылдар аралығында Түркияның 30830 азаматы, Мавританияның 15594 азаматы, Өзбекстанның 13624 азаматы, Ауғанстанның 6386 азаматы, Мысырдың 3153 азаматы бар. Бұл тек "лаңкестік қауіпке жақын" деген тізімдегілер саны, ал ол тізімге енбейтіндер саны бұдан әлдеқайда көп. Одан бөлек мыңдаған Иран, Ирак, Сирия, Ливан, Пәкістан, Йемен, Иордания азаматтары ұсталған.
Шекараны заңсыз кесіп өтудің бағыты қалыптасқан. Мигранттар Азияда Стамбұл арқылы Мадридке барып, кейін кеме немесе ұшақ арқылы Богота, Панама немесе Манагуаға барады. Артынша олар жаяу немесе көлікпен Никарагуа аумағын басып өтіп, Гондурасқа жетеді. Гондурастан Гватемалаға өтіп, Мексика асады. Артынша сәті түссе АҚШ-қа өтуге талпыныс жасайды. Олар АҚШ жерінде босқын статусын алып, кейін грин-карта иемденіп, жұмыс істеу құқығына ие болудан үміттенеді. Алайда бұл өте сирек жолығатын сәттілік дейді мамандар.
Өткен жылы ондаған Өзбекстан азаматы АҚШ-Мексика шекарасында жоғалып кетті дегенді оқып едім. Бандалар арасындағы атыс-шабыс құрбаны болып кетпесе игі еді. Тағдырлары не болды екен деп отырмын...
Пікірлер