Лукашенко қалжыңдады ма? Президент Тоқаевтың жауабы

6926
Adyrna.kz Telegram

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь президенті Александр Лукашенконың  мәлімдемесіне жауап берді. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабардайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Беларусь Республикасының Президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға Одақ мемлекетіне қосылуды ұсынды. Мен оның әзіліне жоғары баға бердім. Меніңше, бұл бізге қажет емес. Өйткені басқа интеграциялық бірлестіктер, бірінші кезекте Еуразиялық экономикалық одақ бар.

Ядролық қаруға келетін болсақ, оның бізге керегі жоқ. Өйткені біз Ядролық қаруды таратпау туралы және Ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шартқа қосылдық. Біз осы халықаралық құжаттар бойынша өз міндеттемелерімізге берік боламыз».

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен "Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция" форумында сөйлеген сөзінде Еуразиялық экономикалық одақтың өз ішінде интеграцияның қос моделі қалыптасқанын, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Армения ұстанған бағытпен санасу керектігін айтқан болатын.

Одан кейін Лукашенко Қазақстанды Ресей мен Беларусь одағына кіруге шақырды.

"Егер, Қазақстан мен басқа да елдердің Ресеймен тығыз қарым-қатынас орнатуына ешкім қарсы болмаса, бұл оп-оңай және қарапайым! Ресей мен Беларусь одағына кіру керек. Сонда бәрінде ядролық қару болады", - деген болатын Владимир Лукашенко.

Пікірлер