Ақтауда жәндіктерді улау кезінде екі бала қайтыс болды

2264
Adyrna.kz Telegram

Ақтауда көпқабатты үйлердің бірінде екі баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Лада агенттігіне сілтеме жасап.

20 қазан күні Ақтаудағы көп қабатты пәтерлердің бірінде жәндіктерді улау жұмыстары жүргізілген болатын. Алайда ертесіне таңертең тұрғын үйдің жоғарыдағы қабатында тұратын отбасының екі баласы қайтыс болды. Сол отбасының тағы екі баласы ауруханаға түскен.

«Аталған факті Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық кодекстің 304-бабының 3-бөлігімен (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу) бойынша тіркелді. Жаза үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қамтиды. Сараптама тағайындалды», - деді полицейлер.

Ақтау қаласында жәндіктерді улау кезінде 6 жастағы бала қайтыс болды. Тағы 2 бала ауруханаға жеткізілген. Тұрғындардың айтуынша, төменгі қабаттағы екі көрші жәндіктерге қарсы өз беттерінше дәрі сепкен. Бірақ, бұл химиялық улау барысы өзге пәтер иелеріне ескертілмеген болып шықты.

«Ол арнайы қызметке хабарласпады. Ол Алматыдан зиянкестерге қарсы дәрі сатып алған көрінеді. Белгілі болғандай, бұл туралы көршілеріне хабарланбаған. Келесі күні таңертең жоғары қабаттағы пәтердің екі кішкентай баласы қайтыс болды. Жедел жәрдем қызметкерлері оларды құтқара алмады. Балалар ауруханасына бір отбасынан тағы екі кәмелетке толмаған бала түсті», - делінген хабарламада.

Пікірлер