Ақтауда 12 жастағы бала жартастан құлап кетті

1512
Adyrna.kz Telegram

Ақтауда мектеп оқушысы жартастан құлап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы mangystaumedia.kz-ке сілтеп.

12 жастағы бала бүгін 4 «А» шағынауданында орналасқан «Каспиан Ривера» қонақ үйінің артындағы биіктігі шамамен 3-4 метрлік теңіз жағалауындағы жартастардан құлаған.

Құтқарушылар баланы құтқарып үлгерді. Қазір бала облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының қызметкерлерімен балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер баланың миын компьютерлік томографияға түсіріп, баланың бас миының жабық жарақаты мен шайқалуы анықтаған. Жасөспірімнің жағдайы тұрақты.

"Қазір науқас балалар ауруханасының травматология бөлімінде. Динамикада ем тағайындалып, емделіп жатыр. Дәрігерлер баланың жағдайы тұрақты бақылауда екенін жеткізді", - дейді облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметкерлері.

Пікірлер