Атырау мұнай өңдеу зауытының экс-басшысына қатысты шыққан ақтау үкімі өз күшін жойды

2008
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбайға қатысты шыққан ақтау үкімі өз күшін жойды. Бұл туралы Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Шешім 2023 жылдың 10 қазанында шыққан.

Бас прокурор өз шағымында бұрынғы директорға қатысты іс барысында қылмыстық іс жүргізу заңдарының дұрыс қолданылмағанын атап өтті. Сондай-ақ ол сот қорытындылары істің нақты мән-жайына сай келмейтінін мәлімдеді. Осы жағдайларға байланысты сот актісінің күші жойылған.

Еске салайық, Шухрат Данбай мұнай өңдеу зауытын 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың шілдесіне дейін басқарған еді. Ол 2019-2020 жылдары «Мұнайды терең өңдеу кешенінің» құрылысы кезінде мердігерден жеткізілген ақаулы жабдықтың құнын талап ету бойынша шаралар қабылдамады және оларды ауыстыруды талап етпеді деп айыпталды. Салдарынан кәсіпорынға 2,9 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген.

Алайда осы жылдың мамырында Атырау қалалық №2 соты Шухрат Данбайға қатысты істі қайта қарап, ақтау үкімін шығарған болатын.

Пікірлер